Жыл басынан бері 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғалды
Жарияланды
Оларға 4 млрд 718 млн. теңге төленді
Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорау министрлігінің сайты хабарлады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн. теңге төленді.