Елімізде алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жарияланды
Ауа райы құрғақ және жылы болады

Қазгидромет Қазақстан 16-18 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

«Қазақстан аумағына ауқымды антициклон әсер етуін жалғастыруда, республиканың барлық жерінде құрғақ, жылы ауа райы болады. 

Жаңбыр тек республиканың батыс бөлігінде, циклонның әсерінен күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл сақталады. Ауаның негізгі температурасы күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында 12 …. 22 градус, республиканың солтүстігінде, шығысы мен орталығында 13 … 20 градус, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында елде 13 …. 23 градус жылы болады» , – делінген хабарламада.
 

Сондай-ақ оқыңыз