Ресурстар

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа ауысты

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал күнде өзгеруде

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК   2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ұсынды.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 

 «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.