Өзбекстан азаматтарына Ресей аумағында тіркеусіз 15 күн жүруге рұқсат беріледі. Бұл туралы centralasian.org сайты хабарлады.
Бұл жайлы Ресейдің ішкі істер министрлігі әзірлеген «Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімдерді ратификациялау туралы» заң жобасында жазылған.
Қазіргі уақытта Ресей аумағында Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан және Армения азаматтары 15 тәулік тіркеусіз жүре алады.
Осыған дейін Мәскеу Ресейге кіруге тыйым салынған 158 мың өзбекстандыққа «миграциялық рақымшылық» жарияланғанын хабарлаған.