Ресурстар

Еліміздің 3 өңірі әлі де «қызыл» аймақта

10 өңір «жасыл» аймаққа өтті

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ұсынды.

 «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

 «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.