Шартқа оның талаптарын мұқият оқып шыққаннан кейін ғана қол қою өте маңызды. Бұл туралы fingramota.kz сайты айтып берді.
Егер бір нәрсе түсініксіз болса, банк менеджерінен сұраңыз, мүмкін болса, заңгермен кеңесіңіз. Кредит беру шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда оның салдары туралы менеджерге кез келген сұрақтар қоюдан ұялмаңыз.
Шарт жасасу алдындағы жұмысты күшейту үшін, банк шарттары талаптарының ашықтығын арттыру мақсатында, банктік қарыз шарты жасалғанға дейін қарыз алушыға берілетін жадынаманың жаңа нысаны белгіленді. Жадынама сіз таңдаған банктің қарыз шарттарын басқа банктердің қарыз шарттарымен таныстыру және салыстыру үшін қажет.
Тұтынушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында Агенттік банктік қарыз шартына титул парағының қосымшасын көздейтін норма енгізді, оның форматы барлық банктер үшін бірдей. Титул парағында қарыз туралы негізгі ақпарат бар. Шарттың мәтіні титул парағынан кейін жазылған. Осылайша, жоғарыда айтып өткенімдей, қарыз алушы банктік қарыз шартын жасасқанға дейін өзі ресімдеуді шешкен кредиттің негізгі шарттары туралы толық ақпаратты алуға тиіс.