Ұлттық қордың 536 млн доллар активі Қазақстанға қайтарылды

Жарияланды
2018 жылы Bank New York Mellon банкінде орналастырылған активтерге тыйым салынған еді

Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық қордың 536 млн АҚШ долларына тең активтеріне салыған тыйым күшін жойғанын хабарлады. Бұл қаражат еліміздің орталық банкіне қайтарылған.

Бұдан  дейін хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда кәсіпкер Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтеріне 2018 жылғы мамырдан бері тыйым салыған еді.

2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан жасалған алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтеріне салынған тыйым жойылған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз