Мемлекет басшысының жарлығымен ел астанасында да төтенше жағдай режимі енгізілді. ТЖ режимі 19 қаңтарға дейін созылады.
ТЖ кезінде қалада түнгі 23:00 мен таңғы 7: 00 аралығында коменданттық сағат енгізіледі.
«Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 16 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін» делінген жарлықта.
ТЖ кезінде адамдардың жүріп-тұруі мен көлік қозғалысы шектеліп, жиын мен ереуіл өткізуге тыйым салынады. Қалаға кіріп-шығу шектеледі.