Жаңалықтар

Қазақстан үкіметінің құрамы жаңарды

Қаулыға мемлекет басшысы қол қойды

Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының қаулысымен: 

  • Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы
  • Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы
  • Премьер-Министрінің орынбасары;
  • Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы
  • Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
  • Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы
  • Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
  • Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
  • Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
  • Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
  • Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
  • Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
  • Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
  • Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
  • Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
  • Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
  • Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
  • Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісі отырысында ел үкіметінің жаңа басшысын таныстырған еді. Бұл қызметке Әлихан Смайылов тағайындалды.

5 қаңтар күні елдегі наразылық өршіген тұста, бұған дейінгі премьер-министр Асқар Мамин отставкаға кеткен болатын