Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Жарияланды
Үкіметтің жаңа басшысы 15 қаңтарда тағайындалады

Бұгін ел үкіметі отставкаға кетті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаулыға қол қойған. Соған сәйкес ҚР Үкіметі жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болады.

Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын аша отырып, жаңа депутаттар бұрынғы әріптестерінен қалмай, жемісті жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.

10 қаңтарда өткен сайлау күні Мемлекет басшысы үкімет заңнама бойынша отставкаға кететінін мәлімдеген еді. ҚР Конституциясының 70-бабына сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған Республика Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бес саяси партия: Nur Otan, «Қазақстанның Халық партиясы», «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы және Adal партиясы қатысты. Орталық сайлау комиссиясы 12 қаңтарда мәжіліс депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады. 7% межені  еңсеріп,  төменгі палатаға Nur Otan (71,09% дауыс), «Ақ жол» (10,95%), «Қазақстанның Халық партиясы» (9,1%) өтті. Депутат мандаттары партиялар арасында былайша бөлді: Nur Otan 76 мандат влса,  «Ақ жол» партиясында – 12 мандат,  ҚХП-ға10 мандат тиді. 

Мәжіліске өтпеген екі саяси  ұйым -«Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы мен Adal партиясы тиісінше 5,29%  және 3,57% дауыс жинаған.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 21 ақпанда Бақытжан Сағынтаевтың үкіметін отставкаға жіберген еді.

2019 жылғы 25 ақпанда Премьер-Министр лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.

Назарбаев 2021 жылғы 14 қаңтарда Nur Otan партиясының фракциясынан премьер-министр лауазымына ұсынған жағдайда, Асқар Маминнің кандидатурасын қолдауды сұрады. Тұңғыш президенттің айтуынша, сабақтастық сақталу керек. 

Сондай-ақ оқыңыз