Жаңалықтар

Заңсыз жұмыс істеп келген 13 майнинг-ферма анықталды

Олар жалпы көлемі 202 МВт қуат тұтынып отырған

Энергетика министрлігінің қызметкерлері 5 күн ішінде заңсыз жұмыс істеп келген 13 майнинг-ферманы анықтаған.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі Қарағанды облысында жалпы қуаты – 31,3 МВт., Павлодар облысында – 22 МВт., Түркістан облысында – 3,28 МВт, Ақмола облысында – 1,03 МВт., Қостанай облысында – 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында – 1,8 МВт., Алматы қаласында – 3,5 МВт., Шымкент қаласында 4 МВт болған.

Сондай-ақ цифрлық майнингке Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты – 91 МВт, Қарағанды облысында – 44 МВт өздігінен шектеу енгізілген.

Министрліктің хабарлауынша, майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топ жұмысы жалғасады.