Жаңалықтар

DIDI қызметі Қазақстанда жұмысын тоқтатады

Компания 4 наурыздан бастап нарықтағы жұмысын тоқтатады

Deposit Photos

DiDi такси агрегаторы 2022 жылдың 4 наурызынан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады, деп хабарлады компания әлеуметтік желідегі парақшасында

«DiDi-де біздің миссиямыз – күнделікті өмірді ыңғайлы ету, демек, жолаушыларымыз бен серіктестерімізге ең жақсы қызмет көрсетуді ұсыну. Өкінішке орай, біз мұны Қазақстанда бұдан былай қамтамасыз ете алмаймыз, сондықтан DiDi 2022 жылдың 4 наурызынан бастап бұл жерде жұмысын тоқтатады», – делінген хабарламада.

Компания оны іске қосқаннан бері қолдаған барлық жүргізушілер мен жолаушыларға алғысын білдірді және 4 наурызға дейін DiDi-ді әдеттегідей пайдалануды жалғастыруға болатынын түсіндірді.

DiDi такси қызметі Қазақстанға 2021 жылдың мамыр айында келген. Жазға қарай DiDi такси қызметі Нұр-Сұлтан мен Алматыда жолаушылар үшін қолжетімді болды