Кейінгі екі күнде теңге біршама нығайды

Жарияланды
Доллар бағамы 458,76 теңге болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі таңғы сессия қорытындысы бойынша теңге/доллар жұбындағы сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 458,76 теңге болды.

Ұлттық валюта 29 наурыздағы сессия қорытындысымен салыстырғанда 14,85 теңгеге нығайды. Бір күн бұрын ол 15,49 теңгеге нығайған.

kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатып алу бағамы орта есеппен 457,6 теңгені, сату – 462,86 теңгені құрап отыр.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:48-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстік келісімшартының бағасы 0,88%-ға өсіп, 108,66 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының мамырдағы фьючерстері 1%-ға өсіп, 105,28 долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз