Еліміздің өнеркәсіп секторына 18 мыңға жуық маман қажет. Жыл басынан бері бұл саладағы бос жүмыс орны 17,8 мыңды құраған. Былтырмен салыстырғанда 60 пайызға артық, деп жазады finprom.kz
Сала бойынша алсақ, өңдеу өнеркәсібіне қазіргі кезде 8,5 мыңға жуық қызметкер қажет. Жылу және энергетика саласындағы бос жұмыс орындарының саны 4,5 мыңды құрайды. Ал тау-кен өнеркәсібі мен кен қазу саласында 3 мыңға жуық бос жұмыс орны бар.
Мамандар өнеркәсіп саласында білікті кадрларға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді дейді. Мәселен, биыл өнеркәсіп секторындағы сұраныс 2,7 мыңға өсуі мүмкін. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 21,3 пайызға жоғары. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде мамандарға деген сұраныс өте жоғары болмақ Биыл бұл салада 1,8 мың жаңа жұмыс орны ашалуы мүмкін.
Өңірлер бойынша алсақ, өнеркәсіп саласындағы бос жұмыс орындары Қостанай, Алматы мен Қарағанды облыстарында ашылған.