Ресурстар

Қазақстан әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуы керек

Қазақстан қазір Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып тұр


Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр, деді мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында,

«Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді

Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады», деді Қ.Тоқаев.