Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) бразилиялық Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) намысқа тиетін сөздеріне бірден жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Алдымен өз командаңмен кеңес. Егер дайын болсаң, мен сені нокаутқа түсіруге әрқашан дайынмын, бір ғана сұрайтыным бар, менімен айқасудан енді қашпа!», – деп жазды Жәнібек.
Айта кетейік, Бразилиялық нокаутшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) намысқа тиетін сөздер айтқан.
«Саған енді қарапайым боксыңнан гөрі көбірек айқасу керек болады. Сен мұны қалай өткеру керегін білмейсің. Мен саған қарағанда таланттымын. @qazaqstyle сен әлсізсің және белбеуден айырылып қаламын деп қорқасың», – жеп жазған бразилиялық.