Жаңалықтар

Мемлекетке 75 мың гектар жер қайтарылды

Үш ай ішінде 523 млрд теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтелді

Үш ай ішінде 523 млрд теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, заңсыз алынған активтер қайтарылды.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының үш айында жалпы 523 млрд-тан астам теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды. Бұл туралы комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек хабарлады.

– Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 миллиард теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 173 миллион АҚШ доллары өтелді. Прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 миллиардтан астам теңгеге 75 мың гектар жер қайтарылды, сондай-ақ 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер учаскелері қайтарылды, – деп нақтылады Әліпбек.

Еске сала кетейік, Комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған болатын. Оны ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов басқарады, оның құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіреді.