Алматы қаласының 214 мың тұрғыны банкрот болуы мүмкін

Жарияланды
Жаңа заң наурыздан күшіне енеді

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң 2023 жылдың наурызынан бастап күшіне енеді. Осы орайда Алматы қаласының қарызы бар 214 мың тұрғыны жеке банкроттыққа өтініш бере алады, деп хабарлайды МКД баспасөз қызметі.

Заңда банкроттықтың 3 түрі қарастырылған:

  • соттан тыс банкроттық,
  • сот банкроттығы
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бірінші рәсім: соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша келесі шарттарда қолдануға болады: 

  1. банк, микроқаржы ұйымдары мен коллектор алдындағы борыш 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса;
  3. тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болса;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізілсе;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмаса.

Екінші рәсім: сот банкроттығы – бұл рәсімді 5,5 млн.теңгеден астам борышы бар жеке тұлғалар қолдана алады.

Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына заңды тұлғалар мен банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары, аудиторлар кіруге құқылы.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, тұрақты табыс болса, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы-одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Азамат банкрот деп жарияланғаннан кейінгі салдары:

1) 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға тыйым салу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

2) қайта банкроттық 7 жылдан кейін ғана;

3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, яғни несие берушінің борышкердің банкроттығын беруге құқығы жоқ.

Банкроттық туралы өтінішті борышкер «E-salyg Azamat» мобильді қосымшасы, E-gov веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы жібере алады.

Сондай-ақ оқыңыз