Қолма-қол ақшаның болашағы қандай?

Жарияланды
Ұлттық банк әлеуметтік зерттеуінің нәтижесін жариялай бастады

Қазақстандықтардың басым бөлігі қолма-қол ақшамен есеп айырысады. Әлем бойынша қолма-қол ақшасыз төлем қарқын алса да, қағаз ақшамен есеп айырысу негізгі төлем түрі болып отыр. Ұлттық Банктің «Қолма-қол ақшаны пайдаланудың орта мерзімді перспективалары» тақырыбында жүргізген әлеуметтік зерттеуінің нәтижесі осылай дейді. Бас банк Қазақстандағы экономика субъектілерінің төлем қалауы туралы зерттеуді алғаш жүргізген.

Бұл зерттеудің негізгі мақсат – қолма-қол ақша айналымының даму тенденцияларын, қолма-қол ақшаға сұранысты қалыптастыратын факторларды анықтау, сондай-ақ экономика субъектілерінің қолма-қол ақша мен олардың номиналды құрылымын пайдалануын зерттеу.

Сауалнамаға 9 628 респондент қатысқан, оның ішінде: 6 095 – жеке тұлға, 3 533 – кәсіпкерлік субъекті. Зерттеу Қазақстанның 17 облысын және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыған.

Зерттеу нәтижесінде мынандай тұжырымдар келтірілген:

  • 60% – сауалнамаға қатысқандар күнделікті есеп айырысуда әлі де қолма-қол ақша пайдаланады;
  • 30-40% – бизнес субъектілерінің айналымындағы қолма-қол ақшаның орташа үлесі;
  • 35% – пікіртерімге қатысқандардың шығысы қолма-қол ақшаға тиесілі.

Зерттеу нәтижесін назарға ала отырып, ҚР Ұлттық Банкінің бұдан арғы іс-шаралары ҚАА инфрақұрылымын нығайтуға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталмақ. Атап айтқанда:

  • ел өңірлерін банкноталардың шағын номиналдарымен және монеталармен ҚАА толықтыру;
  • банкноталардың жай-күйін, әсіресе адам мен кассалық жабдыққа жарамды шағын номиналдарды сақтау;
  • банкноталардың түпнұсқалығын оңай және тез анықтауға мүмкіндік беретін банкноталардың негізгі қорғаныш элементтері туралы және ҚР Ұлттық Банкінің коллекциялық/инвестициялық монеталарын сатып алу мүмкіндігі туралы халықтың кең ауқымын хабардар ету қолға алынбақ.
Сондай-ақ оқыңыз