AMANAT билік партиясы мәслихат пен мәжіліс сайлауына үміткерлер тізімін жариялады. Олардың қатарында мәжілістің бұрынғы төрағасы Ерлан Қошанов, экс-білім министрі Асхат Аймағамбетов және тағы басқалары бар.
AMANAT партиясы Астанда кезектен тыс XXV съезін өткізіп, мәслихаттарға 3821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынды.
Партиядан үміткерлер қатарында ғалым, QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Күнсұлу Закарья, кәсіпкер, Green Tal әлеуметтік шеберханасының директоры Эмир Әскеров, саяси бақылаушы Никита Шаталов, «Адам және заң» республикалық заң газетінің бас директоры Марат Бәшімов, Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы Дидар Смағұлов, бұрынғы ақпарат вице-министрі Александр Данилов, қазақстандық спортшы, боксшы Фируза Шәріпова бар.
Үміткерлердің толық тізімімен мыне жерден танысуға болады.
Партия төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT ұсынған үміткерлер «нағыз патриот азаматтар» деп мәлімдеді.
«Енді ұлт тағдыры, руханиятымызға қатысты мәселелермен бірге айналысамыз… Біздің үміткерлер партияны әділ де таза жеңіске бастайды деп кәміл сенемін», деді ол.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісін таратып, 19 наурызға кезектен тыс мәжіліс сайлауын тағайындаған болатын.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламентке енген партияларға 118 млрд теңге қаржы қалай бөлінетінін түсіндірген еді.