Құтқарушылар Түркияның оңтүстік-шығысындағы Каһраманмараш қаласынан Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекованың денесін тапты. Оны Алматыдан келген туыстары таныды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан дипломаттары туыстарына марқұмның денесін Кахраманмараштан Анталияға, одан бері Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындауға көмектескен Бүгін, 13 ақпанда мәйіт Талдықорғанға жеткізілді.
Қазақстан барлық көлік шығынын өз мойнына алды. Сонымен қатар, Түркияның Pegasus әуе компаниясымен қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматының туыстарына 90 пайыздық жеңілдік жасау туралы келісім жасалды.
Хатай провинциясының Антакья қаласында үй құлауы салдарынан Қазақстан азаматтары Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашев қайтыс болған еді. Ал Сәбина Мамадьярова опырылып құлаған ғимараттың астынан тірі қалды. Ол жарақат алған қолына жасалған отадан кейін ауруханада жатыр.