Жаңалықтар

Президент сотталған азаматтарды Өзбекстанмен алмасу туралы заңға қол қойды

Зона
Тұтқындар жазасын қз елінде өтейді Фото: Pixabay.com

Қазақстан мен Өзбекстан бас бостандығынан айырылған сотталған азаматтарды алмасатын болды. Олар жазасын өз елінде өтейді. Мемлекет басшысы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.

9 ақпанда сенаторлар шартты ратификациялауды талқылады. Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен құжатта сотталғанды ​​ауыстыру және одан бас тарту негіздері қарастырылған.