Жаңалықтар

Қазақстандықтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмекке $3 млн аударған

турция
Қазақстандықтар 3 млн доллардан аса қаржы аударды Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмекке 3 млмн доллардан аса қаржы аударған. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

«Қазақстандағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде ашылған шотқа бүгін жиналған 216 мың АҚШ доллары AFAD ресми шотына аударылды. Осылайша , жалпы қайырымдылық сомасы 3 миллион 616 мың АҚШ долларынан асты», делінген хабарламада.  

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберген. Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек, қысқы шатыр, металл кереует, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. 

Осыған дейін Қазақстан Түркияға 1 млн доллар көмек берген болатын.

Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан да бұл елге қайырымдылық кампаниясы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, 100 шақты құтқарушы зілзаладан зардап шеккен аймақтарда құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр. 

 Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Түркия мен Сириядағы күшті жер сілкінісінен зардап шеккен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін БҰҰ қорынан 77 миллион доллар сұрады.