Жаңалықтар

ЕуроОдақ Ресейге қарсы санкцияларын тағы бір жылға ұзартты

ЕуроОдақ Кеңесі Ресейге қарсы санкцияларды 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартты. Фото: shutterstock.com

ЕуроОдақ Кеңесі Ресейге қарсы санкцияларды 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ЕО ресми басылымына сілтеме жасай отырып Интерфакс агенттігі хабарлайды.

«Шектеу шараларын 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзарту керек», делінген журнал мәлімдемесінде.

Басылымда «Еуроодақ Украинаны (…) қолдайтынын» атап өтіп, санкция мерзімін ұзарту туралы шешім ЕО-ның ресми журналында жарияланған күнінен бастап күшіне енетінін атап өтеді.

Еуро Одақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель кеңес қарсаның де одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың оныншы пакетін талқылаған хабарлады.

«Біз оны жақын арада бекітеміз. Ары кетсе 24 сәуірге дейін нақты бекітіледі», деді ол Брюсельде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі кезде ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкциялары 1386 тұлға мен 171 ұйымға салынған.

Бұған дейін ЕуроОдақ Ресейге қарсы 10 пакет санкция енгізетіні хабарланған еді.