«Үлкен үштікке» кіретін McKinsey консалтинг компаниясы 2 мың жұмысын қысқартады, деп хабарлайды Bloomberg. «Үлкен үштік» құрамында McKinsey, BCG және Bain & Company бар.
Компания тарихындағы ең үлкен қысқартуға клиентпен тікелей жұмысістемейтін қызметкерлер ілігеді. Операцияларды оңтайландыру келесі аптада аяқталады. Жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны апта бойы өзгеруі мүмкін.
АҚШ-тың бірқатар ірі компаниялары былтыр және биыл көптеген жұмысшыларын қысқартқанын хабарлады. Ақпан айының басында жұмыстан босату толқыны Уолт Дисней медиаконгломератына да жеткені белгілі болды: ол 7 мың адамды жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.
layoffs.fyi жмыстан босату әсіресе техникалық қызметкерлерге қатты әсер еткенін жазады. 2023 жылы бұл сектордағы 108,800 адам жұмыстан босатылған. Ал 2023 жылы олардың саны 161 мыңға жетті.
Технология саласындағы жұмысшыларды қысқарту белең алғанына қарамастан,сарапшылар үш жыл бұрын дәл осындай ауқымда қызметкерлері жұмысқа жалдағанын еске саладыү
Еңбек нарығына қысым федералды қорлардың мөлшерлемесін қатарынан сегіз рет көтерген Федералдық резервтік жүйенің (ФРЖ) ақша-несие саясатымен де әсер етеді. 1 ақпандағы кездесу қорытындысы бойынша ФРЖ оны 25 базистік тармаққа көтеріп, 4,5-4,75%-ға дейін көтерді.