«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы жұмысының аралық қорытындылары туралы хабарлады.
6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікті автокредит ала алатын Бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді.
2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны 761 адам).
Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңге сомаға автомобильдер берілді. Қарыздың орташа мөлшері 8,7 млн теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталатын болады.
Жаңа пулдың құрылған күні, қаржыландыру көлемі алдын ала жеке хабарламамен хабарланатын болады, сондай-ақ Қордың сайтында және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында жарияланады.