Жаңалықтар

Агроөнеркәсіп кешені: Цифрландыру қалай жүріп жатыр?

АӨК-ті цифрландыру жүріп жатыр. Фото: kursiv.media

Заман талабына сай бүгінгі күні барлық салада цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл орайда ауылшарушылығы саласы да электронды жүйелерде жұмыс істеуге ыңғайлана бастаған. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметінде «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру» мәселесі талқыланды.     

Мал шаруашлығы

Жиынды өз баяндамасымен ашқан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мал шаруашылығында оң өзгерістер болып жатқанын айтты. Әсіресе, соңғы үш жылда мал басы айтарлықтай өскен екен. Ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген базада бүгінгі күні 25 млн жуық мал басы тіркеліпті.

«Бұл саланы дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. 2020 жылы елімізде 10,1 млн, 2021 жылы 12,1 млн, ал 2022 жылы 13,1 млн бас мал туған. Жылына орта есеппен 11,8 млн басқа артып отырған. Біз ауыл шаруашылығындағы жануарларға қатысты мәліметтердің барлығын электронды базаға енгізіп, дерекқор жүйесін құрған едік. Бұл жүйеге мал дәрігерлерінің жазбалары мен, малдардың егілу барысы, ауру жануарлар саны сынды мәліметтер енгізілген болатын. Десе де, ақпараттық технологиялар күн санап дамып келеді. Біз осыны ескере отырып цифрландырудың жаңа кезеңіне көштік. Сондықтан да мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатында, әрі нақты деректерді онлайн алып отыру үшін  VetMobile қосымшасын іске қостық» деді министр.

Бұл қосымша ақпаратты жинауды, беруді және талдауды автоматтандырады, ал мал дәрігері үлкен қағазбастылықтан босатылуы тиіс. Сондай-ақ бұл қосымша мал өнімдерін нақты бақылауға мүмкіндік береді.  Әзірге пилоттық негізде іске қосылған мобильді жүйе Батыс Қазақстанда және кейінірек Түркістан облысында іске қосылыпты. Ал басқа өңірлерде қазіргі таңда мал дәрігерлерінің пайдалануы үшн арнайы планшеттер сатып алынып, қажетті жабдықтармен қамту жұмыстары басталған.

«Бұл қосымшаның артықшылығы әрбір туған мал жүйеге онлайн енгізіледі. Енді маман құжаттарды қолмен толтырып, содан кейін жүйеге енгізіп отырмайды. Жұмыс біршама азайған. Әр мал қай өңірде туды, қандай екпе алды, сойылған мал қай жердің ет комбинатына кеткені түгел қадағалап отыруға мүмкіншілік туғызды» дейді Бағлан Бекбауов.

Бұл қосымша қарапайым смартфондарға арналмаған. Себебі,онда әрбір шаруаның дербес мал млкі жайлы ақпарат сақталатындықтан, мал дәрігеріне арнайы планшеттер беріліп, ол тек жабық жүйеде ғана жұмыс жүргізе алады. Ал ауылдық жерлердің жағдайына сай, интернет желісі жетпейтін, байланыс жоқ жерлерде мобильді қосымша интернетсіз жұмыс істей береді екен.

Жер мәселесі

Елімізде мал саны жыл сайынартқаны қуантады. Әйтсе де, мал басы көбейгенімен, жайылымдық жерлер жетпей жатыр. Кең байтақ қазақ жеріндемал жаюға шамамен  8,9 млн гектар жер тапшы екен. Қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін жайылымдардың тапшылығы 15 облыста бар. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында жағдай қиын. Осы орайда мемлекет иелігінде жеке меншікте пайдаланбай жатқан жерлер қайтарылған.

«Қазіргі таңда қолданылмаған жерлерді Президент тапсырмасымен қайтарып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас прокуратурадан бастап, барлық жергілікті әкімшіліктер бұл шараға атсалысып келеді. Өздеріңіз білесіздер, жерлердің қолданыста болған, болмағанын ақпараттық жүйелерсіз анықтау мүмкін емес. Сондықтан біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Қазақстан Ғарыш сапары ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, жер серіктерінің көмегімен Қазақстан жерлеріне космомониторинг жасадық. Сонда тиімді пайдаланбай, бос жатқан, мемлекетке қайтарылу тиіс жерлер анықталды. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12,9 млн гектар пайдаланылмаған және 8,1 млн гектар ұтымсыз пайдаланылған ауыл шаруашылығы жерлері бар боп шықты», деп мәлімдеді вице-министр Бағлан Бекбауов.

Осылайша космомониторинг деректері арқылы шабындық, жайылымдық, егістік жерлер анықталып, бос жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. «Қайтарылған жерлер jerkarta.gharysh.kz сайтында көрсетіледі. Мемлекет пайдасына қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің бұл интерактивті картасында бос жерлер туралы толық мәлімет бар», дейді мамандар.

Субсидия алуды қиындатқан жаңа жүйе

Өздеріңіз білесіздер ақпан айында gosagro.kz порталы іске қосылды. Жаңа жүйе осы күнге дейін Qoldau порталы арқылы субсидияға өтініш беріп жүрген кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуі керек еді. Алайда бұл жүйенің шикіліктері көп болып, біраз шаруаны әуреге салды.

Министрлік өкілдері бұл жағдайды сайттың ауылшаруашлығына мемлекеттен берілетін көмек тетіктерін реттеу мақсатында іске қосылғанын, алғашқыда қиындықар туындауы заңды екенін, кез-келген жоба бір күнде жасала қоймайтынымен түсіндірді. Сондай-ақ жаңа жобаның техникалық ақаулары түзетіліп, ары қарай осы ақпарттық жүйені дамытып кез-келген сұранысқа сай болатындай етіп жасап шығару жоспарда бар екенін айтты.

«Бұл жүйенің алғашқыда біраз кемшіліктері болды, олар түзетіліп, біраз шаруалар жасалды. Ешкімге жасырын емес, осы жылдың 1 қаңтарына дейін қоданылып келген Qoldau  порталы жеке кәсіпкерлердің ақпарттық жүйесі болған. Бұл жүйенің де кемшіліктері мен артықшылықтары болды. Бір кемшілігі, бұл жүйе біздің фермерлеріміз үшін ақылы болған еді. Ал министрлік ұсынған мемлекеттік жүйеде тіркелу және жұмыс жүргізу тегін. Сондай-ақ қаржылай көмек мемлекеттен берілетіндіктен, мұндай поралдың мемлекеттің өзіне тиесілі ақпарттық жүйесі болғаны абзал. Өйткені жеке кәсіпкерлерге тиесілі порталда мемлекеттік органдардың мүмкіндігі шектеулі болады. Қаражат мемлекеттен бөлініп жатқандықтан ондағы мәліметтер біз үшін қол жетімді болғаны дұрыс. Бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелер де жоқ емес. Өңірлерде бұл жүйені жемқорлық мақсатта пайдаланып,  мемлекеттік субсидиялар көмекке қатысы жоқ кісілерге де беріліп келгені анықталып жатыр. Сонымен бірге кез-келген өзгеріске сай, порталдың модификациясын өзіміз реттеуге мүмкіндік бар. Осындай мәліметтердің барлығы қолымызда тұруы үшін біз жаңа жүйені іске қостық. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдармен интегрция жасай отырып, жұмыс жүргізіп жатырмыз» деді вице-министр.

Ал несие мөлшерлемесін толық өтеуге мәжбүр болған шаруаларға кеткен шығынды толық қайтарып алуына болады екен. «Осы аптада біз бұл мәселені шешеміз. Қаңтар-ақпан айларына өтінім беру мүмкіндігін қайта ашамыз. Сонымен қатар, ережелерге сәйкес, фермер сыйақы мөлшерлемесін толық өтеуге міндетті. Кейін ауыл шаруашылығы басқармалары қаржы институттары арқылы шаруаларға кеткен шығынды қайтарады», дейді Ауыл шаруашылығы мнистрлігі Мемлекеттік қызеттерді дамыту және өнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков.

Ал веб-порал жұмыс істеген бір айда 17,1 млрд теңге қаражатқа 3 мыңнан астам өтінім берілген. Оның ішінде 135 миллион теңгеге өтінім мақұлданып, 55 миллион теңгесі шаруаларға төленіп үлгеріпті.