Жаңалықтар

Байден миллиардерлерге 25% салық салуды және әскери бюджетті ұлғайтуды ұсынбақ

салық
Фото: Shutterstock

АҚШ Президенті Джо Байден 9 наурыз күні Конгресс алдында ұсынатын бюджет жобасында бірнеше батыл ұсыныс жасамақ. Бұл туралы бірнеше басылым жазды.
Байден мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 5,2% ке көтеруді ұсынатын болады, деп жазады Washington Post. 

Бұл елдегі 2,1 млн мемлекеттік қызметкердің жалақысы 1980 жылдан бері тұңғыш рет бірден күрт көтеріледі деген сөз. 43 жыл бұрын 9,1%-ға көтерілген екен.
сонымен қатар, Байдан бұл жолы бірнеше салық көлемін ұлғайтуды және Medicare сақтандыру бағдарламасын нығайту бойынша шаралар ұсынады деп жоспарланып отыр.

Ал, Bloomberg агенттігі Ақ үйдегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап, байларға салық салуды жоспарлап отырғанын жазыпты.

Атап айтқанда, миллиардарлерге 25%-дық салық салып, дәулетті инвесторлардын алымдарды ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Байден инвестиция үшін капитал өсіміне 20%-дан 39,6%-дейін мөлшерлемені екі есе ұлғайтпақ. Сонымен қатар, дәулетті америкалықтар мен корпорациялардың табыс салығының мөлшерін арттырмақ.

Атап айтқанда корпоративті салықты 21%-дан, 28%-ға көтеруді ұсынбақ. Сонымен қатар, бұған дейін криптоинвесторларға берілген салық каникулын тоқтатуды көздеп отыр. Бұған қоса, мұнай-газ саласын компанияларына берілген салықтық жеңілдіктердің күшін жоймақ.  Бұл жеңілдік компанияларға 31 млрд доллар үнемдеуге мүмкіндік берген болатын.

Сонымен қатар, баслымының ақпаратынша, Байден әкімшілігі әскери бюджетті анағұрлым ұлғайтуды ұсынып отыр. Бұл бейбіт кезеңде әскери салаға бөлінген рекордтық сомалардың бірі болмақ. Қару сатып алуға 170 млрд доллар және ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер үшін 145 млрд доллар бөлу көзделіп отыр.