Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы IV тоқсанда 5% (986 587 адам) құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы IV тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,5%), Маңғыстау (8,1%) облыстарында, ал ең азы – Астана қаласында (2,1%) және Ұлытау облысында (2,2%) (бағалау деректері) тіркелді.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.