Мәжіліс депутаттары сайланған соң Үкімет отставкаға кетеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлаудан кейін үкіметті қайта басқаруға дайын екенін жеткізді.
Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, журналистердің сұрағына жауап берді.
Премьер-министр Конституцияға сәйкес, Мәжіліс сайлауынан кейін үкімет отставкаға кететінін еске салды.
«Біз отставкаға кетеміз, бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндетімізді атқарамыз. Жаңа премьер-министрдің кім болатынын президент пен парламенттің жаңа мәжілісі шешеді. Әрине, біз кез келген жағдайға дайынбыз», деді Смайылов.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері Смайыловтан министрлер кабинетінің жұмысын бағалауды сұрады. Оның айтуынша, 2022 жыл республика үшін аса ауыр болған. Десе де үкімет нақты экономикалық өсімді 3,2%-ға қамтамасыз ете алды. Ол сондай-ақ Қазақстан жеке рейтингін жақсартқанын айтты. Смайылов биыл инфляцияны екі еседен астам төмендетуді жоспарлап отыр.
Бүгін ел аумағында бүкіл 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген болатын.