Үкімет басшысы инфляцияны екі есе төмендетуді тапсырды

Смайыловтың айтуынша, инфляция 9,5 пайыз болуы керек

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов биыл елдегі инфляцияны екі есе төмендету керек деп отыр. Бұл турал ол бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді. Қазір Қазақстандағы инфляция рекорд жаңартып, 20 пайыздан асып кеткені белгілі.

«Біздің міндетіміз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету. Ол 9,5% шегінде болуы керек. Бұл – өте күрделі міндет. Сондықтан, кез-келген проблеманың алдын алу шараларына баса мән беріп, жұмыла әрекет етуіміз қажет», — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, инфляцияға ең алдымен, азық-түлік бағасының өсуі себеп.

Ұлттық банк былтыр базалық мөлшерлемені алты рет көтерген еді: қаңтарда – 9,75%-дан 10,25%-ға, ақпанда – 13,5%-ға дейін, сәуірде – 14%-ға дейін, шілдеде – 14,5%-ға дейін, қазан – 16%-ға дейін, желтоқсанда – 16,75%-ға. Реттеушінің болжамы бойынша, инфляция 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының болжамы бойынша, 2023 жылдың желтоқсанына қарай инфляция 14,3%-ды құрайды. ACRA Қазақстандағы инфляция 2023 жылы 8,8%, 2024 жылы 6,7 пайызды құрайды деген болжам жасаған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар