Швейцария банктері Ресейге қарсы санкцияны бұзды деген күдікке ілінді
АҚШ билігі швейцариялық Credit Suisse және UBS банктерін қызметкерлері ресейлік олигархтарға санкциялардан жалтаруға көмектескен ұйымдардың қатарына қосты. Бұл туралы Bloomberg-ке ақпарат көздері хабарлады.
Credit Suisse және UBS дағдарысқа дейін ресейлік кәсіпкерлерге көмек көрсетуі ықтимал құрылым ретінде АҚШ үкіметінің мұқият бақылауында болды, бұл бір банктің екіншісін иемденуіне алып келді. (UBS Credit Suisse-ті 3,2 миллиард долларға сатып алу туралы келісім жасады). Басылымға сұхбат берушінің айтуынша, америкалық Әділет министрлігі жүргізетін тергеу санкция салынған клиенттермен жұмыс істеген банк қызметкерлерін анықтау және соңғы бірнеше жыл бойы бұл клиенттердің қалай тексерілгенін анықтау бағытында болады.
2022 жылы Ресейдің Украинаға басқыншылық жасауы және санкциялар қатарының артуы дейін (бастапқыда Қырымды басып алғаннан кейін 2014 жылы енгізілген), Credit Suisse дәулетті ресейліктерге қызмет етті деп аты шыққан болатын. Дамудың шарықтау шегінде бұл банк ресейлік клиенттердің 60 млрд доллардан астам қаржысын басқарды, ол жыл сайын 5 500-ден 6 600 млн долларға дейін табыс әкелді.
Өткен жылдың мамыр айында жекелеген ресейлік клиенттермен жұмыс тоқтатылған кезде, Credit Suisse олар үшін шамамен 33 миллиард доллар ұстады, бұл капиталды басқару бойынша анағұрлым ірі бизнес иесі UBS-тің активінен де жарты есе көп еді.
АҚШ Ресейге қарсы санкциялардың сақталуын қалай бақылайды
Банктер АҚШ санкцияларын бұзғаны үшін ауыр айыппұлдар арқаллауы мүмкін. 2014 жылы Францияның төрт ірі банкінің бірі BNP Paribas санкцияланған судандық, ирандық және кубалық ұйымдармен заңсыз транзакциялар жасағаны үшін кінәсін мойындады және шамамен 9 млрд доллар төледі. 2019 жылы Standard Chartered Bank АҚШ Әділет министрлігі жүргізген тергеу барысын реттеу үшін 1 млрд доллардан астам айыппұл төледі, ол кезде банктің бұрынғы қызметкері АҚШ-тың Иранға қатысты санкцияларын бұзу туралы астыртын әрекетке барғаны туралы кінәсін мойындаған болатын.
Өткен демалыс күндері Credit Suisse-ті қосып алатыны туралы мәлімдемеден кейін UBS бәсекелесінің заң алдындағы жауапкершілігіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Швейцария үкіметі мәміле нәтижесінде UBS 9 миллиард франкке (9 9,8 миллиард) дейін кепілдендірілген шығынға ұшырайтынын айтты.
Ресейге қарсы санкцияларды тағы кім бұзды
2022 жылдың наурызында АҚШ Әділет министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің саяси одақтастары саналатын ресейлік олигархтарға қарсы санкциялар енгізу мақсатында KleptoCapture бөлімшесін құрды. Содан бері Америка билігі бірқатар яхталарды, жеке ұшақтарды және аса құнды жылжымайтын мүлікті тәркіледі. Мысалы, 2023 жылдың ақпанында Нью-Йорк прокуроры ресейлік кәсіпкер Виктор Вексельбергтің Нью-Йорктегі, Флоридадағы және Хэмптондағы 75 миллион долларлық алты мүлкін тәркілеу туралы талап арыз берді.
Кейбір адамдар олигархтарға активтерді жасыруға көмектесті деп айыпталды. Мысалы, Британдық кәсіпкер Грэм Бонхам-Картер 2022 жылдың қазан айында миллиардер Олег Дерипаскидің санкциясымен американдық мүлікті ұстауға 1 миллион доллар заңсыз аударғаны үшін қамауға алынды. Бұрынғы Федералды тергеу бюросының (ФБР) аға агенті Чарльз Макгонигалға Дерипаскенің санкцияларын бұзуға көмектескені үшін айып тағылды.