Орталық сайлау комиссиясы VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын тіркеді. Мәжіліске партиялық тізім жән бір мандатты округтерден сайланған 98 депутат барады.
Тиісті шешімді Орталық сайлау комиссиясын сейсенбі күні өткен отырысында қабылдады.
«Парламент депутаты ретіндегі өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. Осы сәттен бастап, сіздер еліміздің заң шығарушы билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы – Парламент депутатысыздар», деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Одан әрі ОСК басшысы тіркелген әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі табыстады.
19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің (төменгі палата) сайлауы өтті. Сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс депутттары аралас жүйе: депутаттардың 70%-ы – партиялық тізім бойынша, қалған 30%-ы – бір мандатты округтер бойынша сайланды Мәжілістің 98 депутатының 69-ы – партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтерден сайлады.
ОСК мәліметінше, «Аманат» партиясы партиялық тізімдер бойынша 53,90 пайыз дауыс жинап, Парламент Мәжілісіндегі 40 орынға ие болған. Тағы 22 орынды «Аманат» партиясы ұсынған бір мандатты кандидаттар жеңіп алды. Осылайша партия өкілдері Мәжілістегі 62 орынға ие болды.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 10,90% дауыс жинап, парламенттегі 8 мандатты алса, Respublica партиясы 8,59% дауыс жинап, 6 орынға ие болды. «Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттегі 6 мандатты алса, Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 5 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4 мандат иеленді.
Тағы 7 орын бір мандатты өзін-өзі ұсынған кандидаттар арасында бөлінген.
19 наурызда Қазақстанда өткен парламент сайлауына елімізде тіркелген жеті партияның бәрі қатысты. Бұған дейін Қазақстан парламентінде тек үш партия: «Аманат», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы өкілдері болған.