Павлодар облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-на 27,6 млн теңге сомаға айыппұл салды.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мамандары «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС монополисттің табиғи монополиялар саласындағы заңдарды сақтауын тексерген.
«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында Екібастұз қаласының тұрғындарына жылу энергиясын сапасыз жеткізу түрінде бекітілген температуралық кестенің параметрлерін жүйелі түрде сақтамауын ескере отырып, ТМРКД әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс жүргізуді қозғау арқылы ден қою шараларын қабылдады. Құқық бұзушылықтар жиынтығында осы баптың санкциясы 27 600 000 теңге мөлшерінде айыппұл көздейді», делінген хабарламада.
«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% мөлшерінде 13 800 000 теңге айыппұл төлеген.
Биыл қыстан Екібастұз тұрғындары тоңып шықты. 2022 жылдың 27 қараша күні Екібастұз қаласы ЖЭО-да апат болып, қазандық агрегаттары тоқтады.
Сол кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды.
Қаланы өзі барып аралаған Премьер-министр апатқа кінәлі адамдардың бәрі жауапқа тартылады деп мәлімдеді.
Қыс бойы ЖЭО-да қайта-қайта апат болып, екібастұздықтардың үйлері еш жылымады. Тіпті Президенттің өзі Екібастұздағы үйлерге бірқалыпты жылу беруді тапсырды.
Еліміздің бірнеше қаласындағы ЖЭО-да апат болып, Екібастұз сынды қалалар қар құрсауында қалған соң, Энергетика министрлігі жылу электр станциялары мен желілерінің жай-күйіне тексеріс жүргізген. Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апатты жағдайда тұр. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. Министрлік ларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет деді.