Ақтау тұрғынына еліміздегі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы алғашқы өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің хабарлауынша, Маңғыстау облысында 1,5 мың тұрғын соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш берген. Ақтауда- 430 адам; Мұнайлы ауданында – 428 адам; Жаңаөзенде – 408 адам.
Соттан тыс банкроттық рәсімі аясында 1600 АЕК-ке дейін қарызы бар адамдар қамтылады. Ол үшін бірнеше шарт ескерілуі керек. Осы орайда банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 1600 АЕК сомасынан аспауы тиіс.
Егер азамат банкрот деп танылса, құжатта 5 жылға несие алуды шектеу ескерілген. Екіншіден, азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады. Үшіншіден, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері кезеңінде борышкердің елден шығуына тыйым салуды белгілеу қарастырылған.