Фото: shutterstock.com
Shell компаниясының «Сахалин-2» жобасындағы 27,5% үлесі 94,8 млрд рубльге бағаланды
Ресей билігі Shell компаниясына «Сахалин-2» жобасындағы үлесі үшін 95 млрд рубль төлеуге рұқсат берді. Бұл жайлы Коммерсант хабарлады.
Shell компаниясының «Сахалин-2» жобасындағы 27,5% үлесі 94,8 млрд рубльге бағаланып, оның акциялары НОВАТЭК компаниясына өтуі мүмкін. Басылымның хабарлауынша, сатып алушы компания Владимир Путиннің келісімін алған. Сонымен қатар бұл ірі соманың Shell компаниясының шотына аударылуына және Ресейден шығарылуына рұқсат берілген.
Бұған дейін Украинадағы соғысқа байланысты Ресей нарығынан кеткен Shell компаниясының жұмысын тексеру үшін ел билігі «Сахалин-2» жобасына аудит жүргізіп, егер шығын келтірген болса, төлем көлемінен шығын есесін ұстап қалуды жоспарлаған екен. Алайда НОВАТЭК бұл шығындарды шетелдік компанияның 2021 жылы алынбаған дивиденттері есебінен ұстап қалуға болатынын айтқан.
Десе де, Ресей билігінің бұл шешімімен Shell компаниясы келісе ме? Мәселе сонда. Яғни компания шотына аталған қаражатты аудару –Shell компаниясының келісімін білдірмесе керек. Ресейлік заңгер Николай Титовтың айтуынша мұндай төлеммен келіспеген жағдайда, Shell ақшаны болашақ тағдыры анықталғанша, арнайы депозитте сақтауы мүмкін. Сонымен қатар, компанияның 2021 жылы ала алмай қалған дивиденттерінің көлемі де аз емес. Сол себепті
«Shell компаниясының қалауымен шетелде сот ісінің басталуы да ғажап емес», дейді мамандар.