Тұрғын үй нарығы қалыпқа келе алмай жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы бұрынғы қалпына келе алмай жатыр. Наурызда республика бойынша 24 273 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді, деп жазады Бірінші несие бюросы.

Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен бар-жоғы 155 мәміле артық. Әдетте көктемда баспана сату-сатып алу көбейе түсетін еді.

Ал 2022 жылдың наурыз айымен салыстырғанда (67,8 мың бірлік) үш есе аз. Өйткені сол кезде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарына тұрғын үй сатып алудың соңғы мүмкіндігін пайдаланған болатын.

Аймақтарда жағдай қандай?

Бүкіл аймақтарда көрсеткіш төмен. Мысалы, Ақтөбе облысында (939 бірлік) белсенділік коронавирустың бірінші толқыны басталған 2020 жылдың мамырынан бастап ең төменгі деңгейде сақталып тұр. Қызылордада (523 бірлік) жасалған мәмілелер 2021 жылдың қаңтарынан бергі минимумға дейін төмендеді.Ұлытау аймағындағы мәміле саны (247 бірлік) облыс құрылғалы ең азы болып тұр.

Елорданың өзінде баспана саудасы төмен. Наурызда Астанада 3664 пәтер мен үй сатылған. Ал Алматыда сатылым жоғары – 4392 бірлік. (ақпан айымен салыстырғанда +161 бірлік).

Тоқсан нәтижесі қандай?

3 айда республикамызда тұрғын үйлеге қатысты 72 685 мәміле жасалды. Салыстырар болсақ, 2021 жылдың бірінші тоқсанында – 115,4 мың; ал 2022 жылдың І тоқсанында 147,7 мың сату-сатып алу келісімі жасалған. Жалпы баспана саудасы 2020 жылғы коронавирус пандемиясы кезінде төмен түсіп кеткен.

Ал тұрғын үй бағасы 2021-2022 жылдары қатты шарықтады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Бір жылда (2022 жылғы ақпан мен 2023 жылғы ақпан аралығы ) пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өскен.

Биыл жыл басынан бері жаңа үй бағасы 2,2 пайыға қымбаттаса, қайталама нарықтағы баға 5 жылда алағш рет өзгеріссіз қалған. Ал жалдау ақысы аздап арзандаған.

Бір жылда (2022 жылғы ақпан мен 2023 жылғы ақпан аралығы ) пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды

Сондай-ақ оқыңыз