2023 жылғы 31 наурызда аяқталған тоқсандағы таза кіріс 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған тоқсандағы таза кіріспен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге немесе 789,7%-ға өсті. Бұл туралы Freedom Finance баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 31 наурызға жиынтық активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 26,3 млрд теңгеге (12,9%) өсіп, 231,6 млрд теңгені құрады. Өсуге бағалы қағаздар портфелінің 26,9 млрд теңгеге немесе 20,8%-ға ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізілді.
Тікелей РЕПО операцияларының 23,5 млрд теңгеге немесе 31,1%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 17,6 млрд теңгеге немесе 20,6%-ға өсті.
Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 8,8 млрд теңгеге немесе 7,4%-ға өсті.
Негізгі сандық көрсеткіштер:
1. Жарғылық капитал – 72,8 млрд. теңге.
2. Шоттардың жалпы саны 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 85 мыңнан астам.
3. 2023 жылғы бірінші тоқсандағы мәмілелердің саны 235 мыңнан астам.
4. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 91 атауы, Астана International Exchange-де саудаланытын 7 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады.