Жаңалықтар

«Нақты шешім шыққан жоқ»: Мұнайшылар «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты алдында тұратындарын мәлімдеді

Забастовка нефтяников в Астане

Бейбіт ереуілге шыққан мұнайшылар. Астана. Фото: Асқар Ахметуллин

Астанаға келіп тұрақты жұмыс талап еткен мұнайшылардың басым бөлігі Жаңаөзенге жеткен. Олар нақты шешім шыққанша «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты алдында тұратындарын мәлімдеді.

«Біз Астана қаласынан үйімізге аман-сау оралдық. Нақты шешім шыққан жоқ. Біз қалған жігіттер келгенше, шешім шыққанша, «Өзенмұнайгаз» ғимаратының алдында боламыз», дейді мұнайшылар.

Ал ҚМГ «БерӘлі Маңғыстау Сompany» мекемесінің бұрынғы қызметкерлерімен келіссөз жалғасып жатқанын хабарлады. Бүгінге дейін жұмыс комиссиясы 3 отырыс өткізген:

  1. ҚМГ мұнайшыларды «ӨзенМұнайГаз» компаниясын жұмысқа орналастыру мүмкін емес дейді Өйткені 9 мың жұмыссыз кезекте тұр.
  2. Сатып алу қызметін ұзақ мерзімге белгілеу мәселесі бойынша ҚМГ өкілдері «3+2» схемасы бойынша келісімшарт жасасуға дайын. Ол бойынша келісімшарттар қосымша 2 жылға ұзарту құқығымен 3 жылға жасалатын болады.
  3. ҚМГ өкілдері БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің барлығын осыған дейінгі жалақысы мен әлеуметтік пакетін сақтай отырып, конкурс нәтижесінде жеңімпаз болған компанияға жұмысқа орналастыруға дайын.

10 сәуір Жаңаөзен мұнайшылары елордаға келіп, Энергетика министрлігінің алдына жиналған еді. Оларды басты талабы – тұрақты жұмыс және лайықты жалақы болды. Алайда ҚМГ Жаңаөзенде өзге де жұмыссыздар жұмыс күтіп кезекте тұрғандықтан, олардың талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеген. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «керек болса, мұнайшылардың алдына шығатынын» айтты.

11 сәуір ҚМГ мен бір топ мұнайшылар келіссөз жүргізіп көргенімен, ол нәтижесіз болды. Олар өздеріне тұрақты жұмыс керек екенін айтып, компания ұсынысынан бас тартты.

Кеше кешке бейбіт тұрған мұнайшыларды арнайы жасақ автозагқа тиеп алып, полиция бөлімшелеріне жеткізді. Сол түні Мағыстау, Ақтау облыстары, Жаңаөзен қаласының тұрғындары, ірі мұнай кеніштерінің қызметкерлері ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етіп, көшеге шықты.

12 сәуірде ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі  құқық қорғау органдары ұстаған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кеткенін хабарлады.

Сол күні мұнайшылар келіссөзге 10 адам қалғанын, өзгесі елге қайтып бара жатқанын айтып. видеоүндеу жариялаған болатын.