Жаңалықтар

Алагөзов өз компаниясын құрдымға жіберді – Гүлмира Сатыбалды

Фото: kursiv.media

Астанада өтіп жатқан сотта Гүлмира Сатыбалды өзін айыптаған Тұрсенғали Алагөзовпен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол өз сөзінде Алагөзовтің акциясы дау болып жатқан «Galanz Bottlers» АҚ-ын мақсатты түрде құрдымға жібергенін мәлімдеді.

«Мен қорқытып, күшпен тартып алған жоқпын. Бұл сөзім мәміленің 9 айға жуық уақытқа жасалғанымен расталады. Тергеу кәсіпорынның құны төмендетілді деп отыр, алайда сол кезде «Galanz Bottlers» АҚ шығынға батқан еді. Алагөзов кредит алып, жеке өмірімен айналысты. Оның ішінде бұрынғы әйелімен соттасты», – деді Гүлмира Сатыбалды.

Сатыбалдының сөзінше, Алагөзовтің бұрынғы әйелінің компания қарызын төлеуге қаржылық мүмкіндігі болмаған.

«Тек мен салған қаражаттың және дұрыс басқарудың арқасында оң қаржылық көрсеткішке жеттік. Себебі ол уақытта банкке кепілдік ретінде өз мүлкімді қойдым. Кәсіпорынның құны өсті, сол себепті АҚ бағасы да артты. Біз сатылымды 20-28%-дан көтердік», – деді ол.

Оның айтуынша, таныстарының арқасында сусындарға қонақ үй мен сауда орындарынан тапсырыс түскен.

«Мен компанияға кірген кезде контрагент пен банктер алдындағы берешек шамамен 12 млрд теңгені құрады, бұл іс жүзінде компанияның құнын нөлге түсіреді. «Galanz Bottlers» барлық мүлкі банкке салынған еді. Мұның Алагөзов үшін пайдалы болғанын сенімді түрде айта аламын. Ажырасатын кезде компанияны мақсатты түрде құрдымға жіберді», – деді Гүлмира Сатыбалды.

Гүлмира Сатыбалды бұған дейін өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген еді.

Ол Қайрат Сатыбалдымен ажырасқанына 20 жыл болғанын айтып, Тұрсенғали Алагөзовтің компаниясын тартып алмағанын жеткізді.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағы (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.