«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «жасыл» активтері «Qazaq Green Power» атты жаңа энергетикалық компания иелігіне берілмек. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаевтың айтуынша, компанияны алдағы уақытта IPO-ға шығару жоспарланып отыр.
Qazaq Green Power жария компаниясы 2022 жылғы 4 қарашада АХҚО юрисдикциясында тіркелген. 2024 жылы оны IPO-ға шығару жоспарланып отыр.
Серік Түйтебаевтың пікірінше, «жасыл» компанияны құру ЖЭК-ті дамытуға инвестиция тартады, жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құрады, бірыңғай холдингте «жасыл» активтерді шоғырландыру нәтижесінде дәстүрлі генерациямен қарама-қарсы субсидиялау тәуекелдерін азайтады.
IPO-ға былтыр желтоқсан айында «ҚазМұнайГаз» шыққан еді. Бірнеше жылдан бері Air Astana әуе компаниясының IPO-сы кейінге шегеріліп келеді.
Жақында QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов компания 2025 жылы қор нарығына шығу дайын деп мәлімдеді. QazaqGaz-бен қатар, 2025 жылға дейін ҚМГ, AirAstana және ҚТЖ компанияларын IPO-ға шығару жоспарланған.