Ұлттық банк жыл соңына дейін инфляцияны 9-12%-ға жеткізу мүмкіндігі бар деп санайды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жыл соңына дейін инфляция 9-12% дәлізіне дейін төмендеуі мүмкін. Бұл жайлы Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин мәлімдеді.

«Ұлттық Банктің базалық жоспарындағы болжамына сәйкес 9-12% дәлізіне жеткізудің мүмкіндігі зор. Оны біз ақпан-наурыз айындағы инфляцияның динамикасынан көріп отырмыз. Бұл – инфляциялық процестердің баяулай бастағанының бірінші көрінісі.Біз бұл тенденцияны болжаған едік. Иә, мұнда статистикалық эффектінің әсері бар. Өткен жылдың наурыз айында ең жоғары инфляция деңгейі болғанын білесіздер. Біздің тарапымыздан, алдағы уақытта қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде инфляцияны 9-12% дәлізге дейін төмендеу мүмкіндігі өте жоғары деп бағаланады», деді Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.


Сарапшылар өткен жылғы экономикалық өсімнің 3.2 пайызға көтеріліп, еңбекке жарамды халықтың санының артуын ескеріп, инфляция деңгейінің төмендеуі мүмкін деген болжамға келген екен.

«9-12 пайызға осы жылдың соңына қарай болады деп болжанады. Бірақ біз бүгін орта мерзімді және ұзақ мерзімді таргеттелетін инфляцияның мөлшерін талқылап жатырмыз. 2025 жылдан бастап таргеттелетін инфляция 3-4% деңгейін көздейді. Геополитикалық жағдай, пандемия салдары соны әсерінен бізде инфляцияның таргеттен едәуір алшақтаған. Соған қарамастан біртіндеп экономикалық жағдай, орнына келуі деңгейін көздейді., Геополитикалық жағдай, пандемия салдарынан кейін біртіндеп экономикалық жағдай 2-3 жыл межесінде қалпына келеді деп болжанып отыр» дейді Рүстем Оразалин.

Сарапшылар инфляция құрамындағы импорттың үлесіне де тоқталып өтті.

«Біздің тұтыну тауарларынң ішіндегі статисттика бюросының деректеріне сәйкес, азық-түлік тауарларына қатысты айтатын болсақ, 20% деңгейінде. Ал егер азық-түлікке жатпайтын тауарларды алатын болсақ, ондағы импорт көлемі көбірек. Шамамен 60% тауарды шетелден алып келуге мәжбүрміз», дейді маман.

Мамандар Ұлттық Банкте инфляцияны түсіру тетіктері бар екенін, сол мақсатта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Импорттық құрылымына қарамастан, макроэкономикалық деректерге сүйене отырып, сарапшылар инфляция бәсеңдеуін болжап отыр.

Айта кетейікғ бұгін Алматыда Ұлттық Банктің «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Ұлттық банк өкілдері инфляцияның негізгі себептерін атаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз