
Перудің оңтүстігіндегі алтын кенішінде өрт шықты. Оқиға салдарынан 27 адам көз жұмды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Бұл кен орнында соңғы 22 жылда тіркелген ең қайғылы оқиға болды.
Билік: «оттың тұтануына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған»,- деп мәлімдеді.
Перу – әлемде алтын өндіруден бірінші, ал мыс шығарудан екінші орында орналасқан.
Былтыр кен орындарында 38 адам көз жұмған.