Жаңалықтар

Байлығы еселене түскен: еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің тізімі жарияланды

Forbes.kz басылымы еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің кезекті рейтингін жариялады. Бұл тізімге енгендердің көпшілігінде дәулеті еселене түскен. Қазақстандық миллиардерлердің бүкіл жиған-тергені биыл 23,9 миллиард долларды құраған (2022 жылы ол 25,3 миллиард доллар болған).

Айта кету керек, Владимир Ким мен Болат Өтемұратовтан басқа қазақстандық миллиардерлер соңғы бір жылда капиталын арттыра алған. Басылым Михаил Ломтадзені америкалық Forbes Грузиялық кәсіпкер ретінде атағандықтан, қазақстандық тізімге кірмегенін жазады.

Ең бай бизнесмендердің көшін бастап тұрған Владимир Кимнің байлығы 4,6 млрд долларды құрайды. Бір жылда оның байлығы 400 млн долларға азайса да, рейтингтегі өз позициясын жоғалтпаған. Владимир Кимге KAZ Minerals Ltd акцияларының 63,5%-ы, «Kazakhmys Copper» АҚ 70%-ы, («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кіреді), «RBK Bank» АҚ 89,71%-ы тиесілі.

Кимнен кейінгі орында экс-Президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев жайғасқан. 4,3 млрд АҚШ долларына тең байлығы бар кәсіпкердің активтері бір жылда 400 млн долларға өскен. Тимур Құлыбевтың әйелі Динара Құлыбаеваның байлығы арта түсіп, тізімде үшінші келеді. Оның да байлығы 4,3 млрд долларға тең.

Рейтингтің төртінші сатысында 3,6 млрд доллармен Вячеслав Ким тұр. Kaspi тобының қазақстандық қожайыны Вячеслав Кимнің дәулеті бір жылда 400 миллион долларға артқан.

Былтыр Қазақстан азаматтығын алған Тимур Турлов дәулетін 2,2 миллиард доллардан 3,1 миллиард долларға дейін арттырған. Соның есебінен рейтингтегі жетінші орыннан бесінші орынға көтерілген.

Биыл тізімге Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудовтың есімі жаңадан еніпті. Ол тізімде 22-орында тұр. Бұл компаниялар тобына еліміздің 12 қаласында 33 автоорталығы бар Orbis Auto дилерлік желісі кіреді. Кәсіпкер мұнай өндіру саласында қызмет көрсететін компания – «Ақсайгазсервис» АҚ компаниясына да иелік етеді.

Ең бай бизнесмендердің тізімін мына жерден оқи аласыздар.