Жаңалықтар

Инфляция жайлы деректер жариялана сала, алтын бағасы төмендеді

Фото: kursiv.media

АҚШ-тағы инфляцияның бәсеңдегені жайлы деректер жарияланғалы қымбаттап келе жатқан алтын бағасы кеше қайтадан арзандай бастады.

Нью-Йорк Comex биржасында алтынның маусым айындағы баға белгіленімі 0,5%-ға төмендеп, бір троя унциясы үшін $2032,3 құрады.

АҚШ-тағы ТБИ индексі наурызда 5%-ға өссе, ал сәуір айында жылдық мәнде 4,9%-ды құраған.

Insignia Consultants зерттеу бөлімінің басшысы Чинтан Карнани сәуір айында жариялаған инфляция деректері ФРЖ-ның маусым-шілде айларында мөлшерлемені көтермей, үзіліс аларына себеп емес деп тұжырымдайды.

«Мөлшерлеме қашан төмендейтінін, не қанша уақыт көтерілмей тұратынын нақты білмеген ашулы трейдерлер табыс тауып қалып жатыр», деді ол.

Өткен бейсенбіде алтынның бір унциясы 2040,46 долларға дейін қымбаттаған еді. Ал оның алдындағы сессияда баға бір унция үшін 2072,19 долларға дейін өсті және ол 2020 жылғы рекорд 2072,49 доллар деңгейіне жуықтаған.

Бұған дейін ФРЖ базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді, бірақ бұдан былай ставкалардың көтерілетініне қатысты мәлімдеме жасалмаған, оның орнына «бұдан әрі көтерудің қаншалықты орынды болатынын» анықтау үшін кіріс деректері бақыланатыны хабарланған.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 11 мамырдағы жағдай бойынша алтынның бір граммы 28 982, 84 теңгені құрады. Өткен аптадың жұма күні бір грамм алтын 29 148.92 теңгеден саудаланған болатын.