Жаңалықтар

Зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын 47 млрд теңге алынған

Фото: kursiv.media

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жыл басынан бері 47 млрд теңге мерзімінен бұрын алынды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.kz

«Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі 482 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 664 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 81,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы – шамамен 47 млрд теңге болды», – деді Виталий Тутушкин.

Сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері 1 трлн теңгеге ұлғайды. Сәуірдің соңында 15,7 трлн теңгені құрады.

Зейнетақы жинақтарының өсуі, сондай-ақ, жыл басынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін 336,33 млрд теңгеге жеткен таза инвестициялық кірістің арқасында қамтамасыз етілген.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қордағы 8,8 млрд теңге сенімгерлік басқаруға аударылған.