Жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу агенттігі той жасауға кредит беруді шектей ала ма?

Фото: shutterstock.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қазақстандықтарға той жасауға кредит беруі реттеуге қатысты сұраққа жауап берді.

Сенат кулуарында журналист агенттік төрағасы орынбасарынан «агенттік банктердің үйлену тойына несие беруін қандай да бір жол арқылы реттей ме?» деп сұрады.

Олжас Қизатов мұны банктің ішкі қызметіне араласу деп атады.

«Агенттік несиенің қандай да бір түрін беруге тыйым сала алмайды. Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарыз алушының мерзімі өткен қарыздары болған жағдайда несие беруге тыйым салу бөлігінде заңнамалық нормаларды қарастырады. Осылайша, біз уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке тұлғалар үшін қарыз жүктемесінің өсуін шектей аламыз», – дейді Олжас Қизатов.

Алайда банкке несие беруге шектеу қоя салмайды. Себебі заң бойынша несиетін нақты түрін шектеу құқығы берілмеген.

«Бұл банктің ішкі саясаты және біз оған араласуға құқығымыз жоқ», – деді ол