Бірінші исламдық финтех tayyab цифрлық Оскарды жеңіп алды

Жарияланды (жаңартылды )
PR
Фото: tayyab

Қазақстаннан келген жоба алғаш рет Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) ішкі байқауы шеңберінде «Цифрлық Оскардың» иегері атанды. Tayyab цифрлық исламдық қаржы қызметі исламдық қаржыландыру саласындағы марапаттың бірінші иегері болды және Орталық Азиядағы көрнекті цифрлық жоба ретінде танылды.

Марапаттау рәсімі сейсенбі, 16 мамырда Самарқандта (Өзбекстан) өтті, онда Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) 32-ші жыл сайынғы жиналысы өтті. Байқау жеңімпаздарына марапаттарды ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо табыстады.

Айта кетейік, tayyab компаниясының «Орталық Азиядағы көрнекті цифрлық жоба» (Outstanding Digital Project in Central Asia) номинациясындағы жеңісі – бұрын-соңды болмаған жағдай: бұл тек tayyab үшін ғана емес, жалпы Қазақстаннан келген Цифрлық жобалар үшін де осындай алғашқы жеңіс.

«Орталық Азиядағы көрнекті цифрлық жоба» номинациясы – Орталық Азия өңірінде және өңірде әлемнің қалған бөлігімен байланыс мүмкіндіктерін кеңейтетін жобаларды тануға бағытталған байқаудың арнайы марапаты.

Tayyab-тың артықшылығы, іріктеу комиссиясы атап өткендей, өршілдік, қарқынды өсу, цифрлық компоненттің қуаттылығы, сондай-ақ Орталық Азия өңірі үшін өзектілігі болып табылады.

Байқау 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – ЕҚДБ қолдауымен банк клиенттері іске асырған цифрландыру саласындағы табысты жобаларды қолдау және көтермелеу.

Бірінші исламдық финтех tayyab – Қазақстандағы ЕҚДБ «Star Venture» бағдарламасының бірінші стартаптар когортасының қатысушысы. Бағдарлама ЕҚДБ операциялары елдерінде өсу әлеуеті жоғары инновациялық стартаптарды қолдауға бағытталған.

Қазақстанда бағдарлама 2022 жылы Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жұмыс істей бастады. Бүгінде оған тегін диагностика, менторлық және консультациялық қолдау алатын, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығуға және инвестициялар тартуға жәрдемдесетін 7 стартап қатысады. 

Tayyab қосымшасын жүктеп алып, картаны осы сілтеме арқылы 3 минутта тегін шығаруға болады.

Қосымша ақпаратты www.tayyab.kz. сайтынан алуға болады.

«Бірінші исламдық финтех tayyab өз клиенттеріне VISA халықаралық төлем жүйесіне негізделген цифрлық және физикалық исламдық төлем карталарын, ақша аударымдары мен төлемдерін, соның ішінде Apple Pay және Samsung Pay, мұсылмандардың күнделікті рухани тәжірибесінің қызметтерін ұсынады».

Қызметті «Bank RBK» АҚ ұсынады, лицензия №1.2.100/245/41, 05.04.2021 ж., ҚНРДА берген.

Сондай-ақ оқыңыз