Жаңалықтар

Қытайлық компания Қазақстанда жеміс-көкөніс және ет өнімдерін өндіру орталығын салмақ

Фото: kursiv.media

Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен қытайлық Xinjiang Shutu Technology Co. компаниясының бас директоры Мо Шэнцзюнь ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Xinjiang Shutu Technology Co., Ltd жасанды интеллект, цифрлық экономика саласындағы шешімдер мен технологиялар бойыншы жетекші компания. Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауданы дамыту, нарықты дамытудың жаңа сауда модельдері мен әдістерін зерделеу саласында өзара бірлесе жұмыс жасауға ниетті.

Қазақстандық тарапты ауыл шаруашылығын басқару, азық-түлік тауарларын басқарудағы компанияның цифрлық жетістіктері қызықтырып отыр. Қытайлық компания алдағы уақытта Қазақстанда жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған тауарларды, жеміс-көкөніс және ет өнімдерін өндіру орталығын салуды жоспаралап отыр.

Бұл ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында жүзеге асырылды.

Бұған дейін екі ел үкіметі өзара келісімге келіп, соған сәйкес өз азаматтары туралы ақпарат алмасуға келіскен болатын.

Сонымен бірге Қытайдың JD.COM электрондық коммерциялық сайтында Қазақстанның ұлттық павильоны пайда болды. Павильонның ашылғаны туралы Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.