2024 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Токио мен Сингапурға тікелей ұша алады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер хабарлады.
Оның айутынша, қазір Air Astana мен Fly Arystan 65-тен аса рейсті орындап отыр.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтқандай, өткен аптада Анкараға рейс аштық. Сондай-ақ Шымкент пен Нью-Дели арасында әуе рейсін (Fly Arystan) іске қостық. Биыл Астана – Доха (Fly Arystan) бағыты, күзде Air Astana Алматы мен Тель-Авив арасында рейс, ал қазанда Алматы – Джидда әуе рейсі ашылады», – Питер Фостер Үкімет отырысынан кейін.
Сондай-ақ әуе компаниясының басшысы қазақстандықтар Жапония астанасына тікелей ұша алатынын жеткізді. Алайда ол қай қаладан ұшуға болатынын нақтыламады
«2024 жылдың наурызында Токиоға және Куала-Лумпур мен Сингапурға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырмыз. Куала-Лумпур бұл рейстердің ол жаққа қайта ұшуы болып саналады. Біз үшін Сингапур – жаңа рейс. Келесі жылы белсенділік жоғары болады», – деді Air Astana президенті.
Сонымен қатар жыл соңына дейін елімізде жаңадан 9 халықаралық әуе рейсі ашылады.
Үкімет отырысында ИИДМ министрі Марат Қарабаев елімізде әуе отыны жетіспейтінін және Ресейден импорттауға тура келетінін айтты.